Қостанай зауытында небары 48 бас жылқы қалған

5472

Бұндай мәліметті Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Қостанай жылқы тұқымын дамыту бойынша жиналыста «Қазақ тұлпары» ЖШС директоры Аппаз Кемелов айтты.

Қостанай жылқы зауытының жағдайы мәз емес. Зауытта бар-жоғы елуге жетер-жетпес қана жылқы қалған. Оның 14-і ғана бие. Биыл аманшылық болса 60 басқа жете ме деп отырмыз. Жылқылардың алды 2003 жылдың құлыны болса, соңы 2017 жылдың құлыны. Демек алдағы уақытта қолда бар жылқымен бұл тұқымды сақтап қаламыз деу қиын. Әрине, жекелеген шаруашылықтарда, жеке адамдардың қолында біраз Қостанай жылқысы бар – дейді Аппаз Кемелов.

Зауыт басшысының сөзін ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Бауыржан Қасенов те қуаттай түсті.

Осы мәселемен бір жыл айналыстым. Қостанай жылқысының мәселесі 2007 жылдан келе жатқан сұрақ. 2014 жылы субсидия біткеннен кейін жұмыс тоқтады. 2019 жылдан бері жылқыларға беретін азық-түлік болмады. «Қазақ тұлпарындағы» 48 жылқының тек саны ғана бар, жағдайы жоқ. Зоотехнологиялық қолдау соңғы 5 жылда болған жоқ. Инфраструктура жоқ. 1200 басқа дейін болған, қазір соның бәрі жоқ – дейді ол.

Жиын барысында қазіргі таңда зауытта қалған 48 бас жылқыдан басқа, ел ішінде 200-ге жуық Қостанай жылқысы бары айтылды. Соның барлығын жинақтап, тұқымды сақтап қалу мәселесі талқылады. Бұл тұрғыда атқарылуға тиіс нақты мәселелер талқыға салынды.

Жиын соңында арнайы қаттама толтырылып, Қостанай жылқысын дамытудың нақты шаралары қолға алынатыны айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жиын барысында тұқым деңгейін көтеру мақсатында тек Қостанай жылқысы ғана қатысқан аламан өткізу мәселесі көтерілген болатын.

BAQ.KZ

5 comments

  1. Бекболат Тілеухан: Қостанай жылқысы құрудың алдында тұр — Арғымақ Ұлттық танымдық порталы 21 Сәуір, 2021 at 21:18 Ответить

    […] Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аталған жылқы тұқымын дамыту мақсатында тек Қостанай жылқысы қатысқан аламан өткізу ұсынылған болатын. Сонымен қатар, зауытта небары 48-ақ жылқы қалғаны айтылған еді. […]

  2. Назарбаев: Қазақтың қаза­натын сақтауға, санын арттыруға, сұранысты күшейтуге мүд­деліміз — Арғымақ Ұлттық танымдық порталы 2 Шілде, 2021 at 15:23 Ответить

    […] жеткен Қостанай жылқысынан қазір зауытта бар-жоғы 50-ге жетер-жетпес бас қалған. Енді бір аз ғана тобы жеке аза­маттардың […]

Добавить комментарий для Тек Қостанай жылқысы мен будандары қатысқан 22 бәйге өтеді – Арғымақ Ұлттық танымдық порталы Отменить ответ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!