Қазақстандық көкпаршы “Көкпар ойынының ұлы ойыншысы” атанды

Qurmanbek

Бүгін 18 қаңтар күні Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласында 2018 жылы Шолпан атада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында көкпардан өткен жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының жəне Əулие-Ата командасының жас шабандозы ҚҰРМАНБЕК ТҰРҒАНБЕК “Көкпар ойынының Ұлы (үздік) ойыншысы” номинациясына ие болды.

 Бұл туралы танымал көкпаршы, Әуле-Ата көкпар командасының жетекшісі Нұрдәулет Момынов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Бүгін 18 қаңтар күні Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласында 2018 жылы Шолпан атада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында көкпардан өткен жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының жəне Əулие-Ата командасының жас шабандозы ҚҰРМАНБЕК ТҰРҒАНБЕК “Көкпар ойынының Ұлы (үздік) ойыншысы” номинациясына ие болды. Естеріңізге сала кетейік Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ұлттық құрама сапында Құрманбек шеберлігімен ерекшеленіп, ең көп салым (37 салым) салған үздік ойыншы атанған. Тақымың талмай, тек жеңістің биік тұғырынан көріне бер Құрманбек! Марапаттау рəсімінің ұйымдастырушылары мен Қырғызстан Республикасының Көкбөру федерациясына, қырғыз бауырларға Əулие-Ата командасы атынан алғысымызды білдіреміз. Ұлттық спортымыз ұлықталып, батыр ұлдарымыздың тақымы талмасын” – деп жазды ол.

Естеріңізде болса, өткен 2018 жылы Шолпан атада өткен ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы қырғыздар мен өзбектерге есе жіберіп, үшінші орынды қанағат тұтқан болатын. Қазақ көкпаршыларының өзбекстандық ойыншыларға есе жіберуі қоғамда қатты талқыланған еді.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>