Қазақтың тұлпары мен сәйгүлігі

4153

Белгілі ғалым, профессор Айбын Төрехановтың «Жылқы – қазақтың жаны» атты мақаласында айтылған мәселелерді жеке-жеке тақырыпшаларға бөліп, оқырманға жеңіл болуы үшін шағындап беруді жөн көрдік. Олай болса, қазақ жылқысы, жылқы шаруашылығы, ат баптау жайлы оқуға асығыңыздар.

Argymaq.kz

Ежелде сән-салтанат үшін бай-дәулетті қазақтар Түркімен және араб жылқыларын мінген. Мүсіні сымбатты, жүрісі әсем осы жылқыларды жерсіндіре отырып, оларды сұрыптау барысында арғымақ тұқымдарының қалыптасқаны жоғарыда жазылды. Оларды іріктеп өз жылқыларымен будандастырған. Осындай селекциялық жұмыстың нәтижесінде кең байтақ дала төсінде табиғи сұрыптаудың тезінен өткен әр түрлі бағыттағы қазақ жылқысы дамыған.

Жүйрік аттар, көбіне, арғымақтар мен будан жылқылардың ішінен шыққан. Осы будан жылқылардан мініске шыдамды, жүріске де ыңғайлы жылқылар іріктеген. Қарабайыр деп аталып жүрген жылқылар осыған саяды.

Жылқыны жанындай көрген қазақ қауымында асыл тұқымды жылқылардың, бәйге аттардың, жорғалардың тұқымдары ерекше құрметтелген. Олардың шығу тегі шежіре сияқты атадан балаға айтылып, ауызба-ауыз беріліп отырған. Сонымен бірге, қазақ халқында «сәйгүлік», «тұлпар» деген ұғымдар қалыптасқан. Менің пайымдауымша, жүйрік жылқыларды әспеттеп тұлпар, сәйгүлік деп атаған. Көбіне, жоралғы ретінде қадірлі қонағына мінгізілген әсем аттарды «сәйгүлік» деп дәріптеген.

Тұлпар деген атау, негізінен, бітімі бөлек, ұзаққа шабатын жүйрік, әрі мықты аттарды сипаттаған. Тұлпар атауы, көбіне, батырлармен қатар аталады. Ауыз әдебиетте жылқының мықты жүйріктерінен іріктеп тұлпар өсірген, осы тұлпарларды батырлар мінген. Ұлан ғайыр даланы мекендеген бабаларымыз ел тыныштығы мен жер тұтастығын қорғау үшін алыс жолға талмайтын, қиындыққа мойымайтын, жаратылысы ерекше жылқы қажет болатыны заңдылық. Мысалы, Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы, Ер Төстіктің Шалқұйрығы, Қамбар батырдың Қара қасқасы, Қабанбайдың Қубасы. Әдебиетте жырланған тұлпарлардың сипаты да керемет. Мысалы, «шырақтай жанған томағакөз», «салпы ерін», «шықшыты оралып жатқан түбектей», «от орнындай тұяқты» деген теңеулер шын жүйрікке тән нышандар.

Мақаланың жалғасы бар. Ал басын мына жерден оқуға болады.

Айбын Төреханов
Профессор
Argymaq.kz

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.