Мұхамет-Салық Бабажанов. Бәйге атының түрлері

1371

Әйгілі Мұхамет-Салық Бабажановтың бұл мақаласы 1871 жылдың қаңтарында Ресейде жарық көретін «Журнал охоты»-дың 1-2 нөмірінде басылған еді. Түпнұсқада орыс тілінде жазылған мақаланы қазақшаға аудардық.

Осы орайда, оқырман қауымға ескерте кететін бір жай бар. Ол – мақалада «киргиз» деп берілген ұлт атауын argymaq.kz редакциясы «қазақ» деп беруді жөн көрді. Себебі, 19 ғасырда орыстар қазақтарды «киргиз» деп атаған болатын.

Argymaq.kz

Қазақтар арба жегу дегенді біле бермейді. Олардың бар назары салт атпен жүруді қамтамасыз ету мен жақсарату тәсілдеріне ауған. Соңғылар үшін бәйге аты – аттың төресі болып саналады. Сондықтан ордалықтар жылқының бұл түріне өте ыждахаттылықпен, ерекше талғаммен қарайды. Осыдан барып қазақтар бәйге аттарын мынадай түрлерге бөледі:

  1. Қырғыншыл – яғни, қысқа 2, 4, 8 шақырымға шабатын ұшқыр ат.

Мұндай қасиеті бар аттар қазақтардың арасында бағаланбайды, егер онымен қоса жүрдектік қасиеті болмаса.

  1. Қашағаншылұшқыр, епті ат.

Бұл атты бақташылар мен жылқышылар табыннан жылқы қуып ұстау кезінде мінеді. Олар аз қашықтықта өте тез шабады. Олардың ең басты қасиеті бұруға өте ыңғайлы, епті келеді. Оған тәжірибелі және епті бақташы жігіттер тұрақты міну арқылы баулиды. Жылқының бұл түрі қырғыншыл сияқты өте жоғары бағаланбайды. Яғни, 45-75 рубль күміс бір бас үшін жеткілікті.

  1. Жүйрік-бәйге аты, яғни, бәйгеге арналған жүйрік ат.

Біздің бәйгелер, жоғарыда айтылғандай төрт жастан жоғары жылқылар үшін – 15, 20, 30 және 45 шақырымға, құнандар үшін – 12-15 және жабағы-тайларға – 6-7 шақырымға, кейде 10 шақырымға жіберіледі. Мұнда ең алыс шақырымды тез шауып өте алатын аттар ерекше бағаланады.

Бәйгеде шабандоздың салмағы анықталмайды, сондықтан шабысты жеңілдету үшін көбіне 10 жастағы және одан ересектеу баланы отырғызады. Төрт жасар аттар үшін ерекше бәйге өткізілмейді, одарды ересек аттар санатына қосады. Алайда төрт жасар жылқылар бәйгеге сирек қосылады. Өйткені бұл жаста олар әлсіз саналады. Айғырлардан гөрі биелер бәйгеге ерте қосылады.

Қазақтардың пайымдауынша ұрғашы жылқы еркек жылқыға қарағанда ерте жетіліп, күш алады. Мұндай жыныс ерекшелігі тазы иттер арасында да байқалады. Жеті жасар ат төрт жасар ат секілді әлсіз саналады. Алайда бұл тәжірибеде әділетсіз. Тай-құнандарға арналған бәйге бүгінгі күні де Ордада өте сирек. Мұндай жас аттар арасындағы бәйгенің азаюының, осыдан 25 жыл бұрынғы даму мен өсу сапасына жете алмаушылықтан. Себебі жем-шөптің аздығы мен қыстың қатаңдығы деп пайымдаймын.

Европада орын алған қысқа шақырымдағы бәйгеге деген қызығушылықтарға қарамастан, қазақтардың бәйгелері ұзақ шақырымдарға жіберіледі. Европалықтар үшін оғаш бағыт болып саналатын қазақтардың бәйгелік сынақтарын түсіндіруге тырысайық.

Жүйрік ат қазақтардың тез қозғалуына мүмкіндік беретін қасиетін тек былайғы уақытта ғана емес ұзақ шақырымдық бәйгелерде де жоғалтпауымен бағаланады. Бұлардың төзімділігі бәйге аттарын ұзақ шақырымға салумен сыналады. Мұндай тәртіп ордада үкімет атынан өткізілетін бәйгелерде де қолданылады. Аттар небәрі 33 минутта 20 шақырымды тоқтаусыз шауып өтеді. Бәйгеге аттар жасына қарай іріктеусіз және ауырлығына қарамай жіберіледі.

Тоқтаусыз бәйгелер қырғыншыл деп аталатын аттардың тоқтаған кезде дем алып алып, шынайы жүйрік аттардың алдына түсіп кетулерін болдырмау үшін өткізіледі. Қазақтардың пайымындағы осы мақсаттар үрдісіндегі бұл тәртіпті талқылай келгенде, біздің өткізетін сынақтарымыз жергілікті талаптар мен мақсаттарға сәйкес деп айтуға болады. Алайда, жергілікті қазыналық бәйгелерге үкіметтік ұйым ретінде назар аударсақ, олардың мемлекеттегі өзге маңызды бәйгелер үшін осы үкіметпен белгіленген қағидаттарға қарама-қайшы екенін байқамау мүмкін емес.

Басты бәйге сынақтары қашықтық, ақшалай қойылған сыйлық және өзге де көптеген талаптарға қатысты сәйкессіздіктермен шатастырылғаны сондай, кейбір кезде қарапайым адамдарға жарысқа қатысуға рұқсат жоқ.

Бәйге сынақтарының ең басты пункттерінде аттардың қысқа қашықтықтағы жылдамдықтары жоғары бағаланады. Ал шағын және жекелеген жерлерде, мысалы, осында және Қалмақ Ордасында, Тәшкентте, Башкирияда және Персияда үкімет ұзақ шақырымдық бәйгеге жүлде тағайындайды. Осы орайда мынадай сауал туындайды: Үкімет қандай аттарды бағалайды және олар нені көтермелейді? Бұл әзірге жылқы зауытын ұстаушы көпшілік үшін жұмбақ болып отыр.

Жергілікті бәйге аттарының жылдамдығын жұмбақтармен саластыруды дұрыс құру үшін мемлекеттік жылқы өсіру зауытының Бас басқармасының бәйгені Дерби және Окс талаптарынмен өткізуге ұмтылғандығы жөнінде бір жерден оқығанымыз ешбір есімізге түспеді. Біздің пікірімізше, бұл артық болмас еді. Егер жылқының бірдей қасиеттерін сынайтын тәсілдер мекемеде және сыртқы империяда да біріншісі басқасына қайшылық келтірмейтіндей, үкіметтің жылқыны жақсарту мен дамыту бойынша мақсаттары мен бағыттары туралы жылқы өсірушілерге нақты және анық түсінік бере алатындай болса. Алайда, орыстың бәйге ісі талаптары мен мұндай ыңғайсыздықтарын талқылау осы жолғы біздің нақты міндетімізді құрамаса да жоғарыда келтірген кемшіліктерге тоқталу арқылы біз Россияда қабылданған сынақтардың біздің сынақтарымызға сәйкессіздіктеріне қатысты кейбір тұстарына тоқталдық.

Ішкі Ордада қанша болса да әрбір қазақ өзінде бәйге атының, бәйге аты болғанда да салт мініске қажетті мінсіз жылқысы болғанын қалайды. Десе де, бір де бір қазақ атты дұрыс өсіру немесе ұстау үшін ешқандай нақты шара қабылдаған жоқ. Ордада биелер мен айғырлар үшін қазыналық бәйгелер пайда болғанға дейін оларды бәйгеге ұзағырақ пайдалану үшін жүйрік айғырларды аяусыз піштіріп, биелерді құлындатпай отырған. Айғырлар мен биелерге арналған қазыналық бәйгелер пайда бола сала, соңғылардың құны сәл қымбаттады. Алайда қазақтар осы айғырал мен биелерден ата-аналарынан асып түспесе де, солардың дейгейіндегі жүйріктік қасиеттерін сақтап қалатын жаңа ұрпақ әкелетін тұқым өсіру жағына назар аудармады. Қазақтардың бұл немқұрайлылығы, олардың фаталистік түсініктерінен, яғни, Құдай немесе тағдыр табын ішінен осындай бір жылқының болуын нәсіп етті, туды дейтінге саятын жәйбарақаттықтарынан. Сонымен қатар, істің бірін және өзге де жағдайларды өндірістік кездейсоқтыққа балайтын кез келген жай адам секілді қазақтың қандай да бір істі жақсарту немесе дамытуға өзінің барын салып кірісуі немесе жақсылап қолға алуы некен-саяқ. Түзелмей келе жатқан осындай немқұрайлылықтың салдарынан соңғы уақытта жақсы бәйге аттарының санының өте азаюына әкеліп соқты.

Бәйгеде көзге түскен жүйріктің тегі туралы өрбитін әңгімелер олардың тексіз еместігін, бұрын өткен атақты жүйрік аттардың тұқымы екендігінен хабар береді. Аттардың мұндай жақсы қасиеттерінің тұқымқуалаушылықпен берілетінін қазақтар арасындағы тәжірибелер де, наным-сенімдер де жоққа шығармайды.

Осылардың бәрі, олар фаталистік түсініктерінің шырмауы салдарынан, халықтың бәріне тән білімсіздігі жүйріктік текті дамусыз қалдырды. Ең бастысы Ордада жақсы жүйрік аттарды асылдандыруды қолдау, тіпті дамытуды дұрыс жолға қойып, мақсатты түрде көтермелейтін шаралар әлі қабылданбаған.

Естеріңізге сала кетейік, мақаланың басын мына жерден оқуға болады. Сонымен қатар, бұған дейінгі жалғасы мына жерде. Ал мақаладағы Ішкі Орда атбегілері жайлы жазылған бөлігін мына сілтеме арқылы оқуға болады. Сондай-ақ, мақаланың Сауран тұқымы жайлы бөлігі мына жерде.

Одан бөлек Бабажановтың “Арғымақ – Түркістан жылқысы” атты мақласын да біздің сайттан таба аласыздар.

Мұхамет-Салық Бабажанов,

«Журнал охоты» 1871 жыл

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!