Ұлттық спорттан V фестивальдің қорытындысы

kokpar

Ақтөбе қаласында 18 қыркүйекте басталған Ұлттық спорт түрлерінен V республикалық фестиваль аяқталды. Бұл туралы Ұлттық спорт түрлерінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фестивальге елімізден 12 көкпар командасы және үш қала мен 14 облыстан келген қатысушылар ұлттық спорттың 10-нан астам түрінен бәсекеге түсті.

Көкпар

Сонымен ең әуелі көкпардан бастасақ. Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысы командалары арасындағы бәсеке 3:2 есебімен аяқталып, ақтөбелік көкпаршылар қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал, финалдық ойында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрдәулет Момыновтың шәкірттері фестивальдағы көкпар бәсекесінің бас жүлдесін қанжығаларына байлады. «Әулие-ата» (Жамбыл облысы) мен «Құлагер» (Түркістан облысы) арасындағы ақтық ойын 3:1 есебімен аяқталды.

Еске сала өтелік, «Әулие-ата» командасы «Құлагер» командасынан биылғы жылы екінші рет басым түсті.

1 орын – Жамбыл облысының «Әулие-ата» көкпар командасы

2 орын – Түркістан облысының «Құлагер» көкпар командасы

3 орын – Ақтөбе облысының «Әлім-ата» көкпар командасы

Жамбы ату

Ақтөбедегі ұлттық спорт фестивалінің Жамбы ату бәсекесі де өз мергенін анықтады. Фестивальге Нұр-Сұлтан қаласының, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Атырау облыстарының мергендері қатысты.

Ат үстінен садақ атудан бақ сынаған 13 өңірдің мергендері арасынан жүлделі орын иелері анықталды.

1-орын – Ералхан Айкөз (33 ұпай) (Түркістан облысы)

2-орын – Талғат Омарбаев (25 ұпай) (Қарағанды облысы)

3-орын – Жалғас Құрман (24 ұпай) (Ақмола облысы)

4-орын – Абзал Тулыбеков(15 ұпай)(Жамбыл облысы)

Аударыспақ

Ақтөбе қаласындағы жабық манежде тамашалаған V фестивальде аударыспақ бәсекесі шиеленісті жекпе-жекке толы болды. Бес салмақ бойынша өткен жарыста төмендегі балуандар жүлделі орындарды иеленді.

60 келі салмақ бойынша:

1-орын – А.Серғазин (Ақтөбе обл);

2-орын – Е.Құралбай (Түркістан обл);

3-орын – А.Жұмаділов (Жамбыл обл).

70 келі салмақ бойынша:

1-орын – Д.Өткелбай (Түркістан обл);

2-орын – Ш.Ержанов (Ақтөбе обл);

3-орын – Б.Оразбек (Қызылорда обл).

80 келі салмақ бойынша:

1-орын – Н.Әмзеев (Түркістан обл);

2-орын – А.Есенғарин  (Ақтөбе обл);

3-орын – Ж.Жәлімбетов (Қызылорда обл).

90 келі салмақ бойынша:

1-орын – С.Ізбасаров (Түркістан обл);

2-орын – С.Ынтызарбеков (Жамбыл обл);

3-орын – Н.Босов (Солтүстік Қазақстан обл).

+90 келі салмақ бойынша:

1-орын – Б.Қосалиев (Түркістан обл);

2-орын – А.Сағымбаев (Ақтөбе обл);

3-орын – Д.Смайылов (Жамбыл обл).

Теңге ілу

Биылғы Жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер болған батысқазақстандық Бекнұр Серіков V фестивальда теңге ілуден чемпион атанды. Теңге ілуден бұған дейін ересектер арасындағы І Азия чемпионатының жеңімпазы, Жастар арасындағы І Азия чемпионатының жеңімпазы, ІІ Азия чемпионатының күміс жүлдегері, елішілік чемпионаттың бірнеше дүркін жеңімпазы, тәжірибелі спортшы Ғалымжан Ізжанов бұл жолы күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал, фестивальдің қола жүлдесі ақмолалық спортшы Азамат Қадыровқа бұйырды.

V фестиваль қорытындысы бойынша жалпы командалық жеңімпаздар анықталды.

І орын – Түркістан облысының командасы
ІІ орын – Нұр-Сұлтан қаласының командасы
ІІІ орын – Ақмола облысының командасы
IV орын – Ақтөбе облысының командасы
V орын – СҚО облысының командасы

Жарыстың салтанатты жабылу рәсімінде Ұлттық спорттың эстафеталық туы Солтүстік Қазақстан облысына берілді. Сонымен, 2023 жылы VІ Ұлттық спорт фестиалі Солтүстік Қазақстан облысында тамашаланатын болады.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>